Жақсылықпен жаным дос.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ертегі суреттері, слайдтар, сюжетті суреттер, ақ қағаз, көк қағаздан қиылған тамшылар мен дария, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
«Сәлемдесу» ойыны.
- Балалар, қане, бір – бірімізбен ерекше амандасайық. Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір біріңмен тез тез амандасасыңдар. Сонымен, көзбен. . . қолмен. . . иықпен. . . құлақпен. . . тіземен. . . өкшемен. . . арқамен.
Шаттық шеңбері.
- Балалар!Қазір барлығымыз, шаттық шеңберін құрайық. Осы шеңбер аясында Ө. Ақылбековтың «Өзін тану» өлеңін бірлесе айтайық.
Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? деп ойла
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
Өзіңді тану пайдасы
– Балалар, «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деп қазақ бабамыз айтқандай, біздің бүгінгі сабағымыз «Жақсылықпен жаным дос» деп аталады. Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кеңелтеді, қуанышқа бөлейді.
Ойланайық, пікірлесейік.
Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер
Жақсылық жасау деген не?
Жақсы адамның бойында қандай қасиетте
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>