Жабайы аңдар
Тақырыбы: Жабайы аңдар.
Білім беру саласы:Қатынас.
Бөлім:Қоршаған орта.
Мақсаты:Балаларды жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрдерін бір-бірінен ажыратуға,дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету. Аю мен қасқыр балаларының қалай аталатынымен таныстыру. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау,қиялдау қабілеттерін арыттыру. Аңдарды қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиеші әрекеті.
Балалар әрекеті.
Мотиватциялық қозғаушы:Топ бөлмесінің әсемділігіне балалардың назарын аударады.
-Балалар ,алдымен амандасайық.
-Балалар,іс-әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің-біріміз жылуымызды сезінейік.
Армысың алтын күн,
Армысың асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Міне , менің қолым.
-Балалар назарын тәрбиешіге аударады.
Балалар амандасады.
Балалар бір-біріне қолдарын беріп жылуларын сезінеді.
Іздену-ұйымдастырушы.
Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. оларды құтқару үшін жұмбақтарды шешу керек екенбіз.
Жұмбақтар:
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал,оның баласын көжек ,-дейді.
Қоян
Аузы бейне,шалғы орақ,
Шөп емес,бірақ малды орады.
Қасқыр
Өзі қу,әрі айлакер ,
Жүрген жері айқай да шу.
Түлкі
Тұмсығы ұзын күшті,
Өзі ерен мықты.
Піл
Қара ала тоны бар,
Ол аңдардың қыраны.
Жатқанын көп көрмейміз,
Серейіп көп тұрады. Керік
-Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?
Жабайы аңдар.
-Олар қайда тұрады?
Олар орманда тұрады.
-Сендерге құтқарғандар
Страницы: 1 | 2 > >>