Жабайы аңдар. Тиін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы
"Сандуғаш" балабақшасының тәрбиешісі
Базарбаева Шынар Ибадуллаевна
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Шығармашылық.
Ұйымдастырылан оқу іс-әрекетінің түрі: Экология, мүсіндеу, құрастыру
Тақырыбы: Жабайы аңдар. Тиін.
Мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру. Тиіннің қоректенуі, тіршілігі туралы түсінік беру. Балалардың ой-өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Жануарлар әлеміне танымдық қызығушылығын, тілектестік, қамқорлық сезімін ояту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ойыншықтар, үнтаспа, ТСО, ермексаз, тақтайша, орамал, суреттер, музыкалық ойыншықтар (аңдардың дыбысы), пазлы.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, практикалық, көрнекілік.
Барысы:
Шаттық шеңбері
- Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр, қонақтармен сәлемдесейік.
Таң атады арайлап,
Күн күлімдеп туады.
Жадырады бар аймақ,
Жарқырайды шуағы,
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, апайлар!
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Қонақтарға шашайық.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты,
Бір-бірімізге шашайық.
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жұмбақтың шешуін табыңдар. Шешуін дұрыс тапқан бала сол аңды (ойыншық) маған көрсетеді.
Жұмбақ жасыру.
Өзі бір қу, жүрген жері айқай да шу. (түлкі)
-Түлкінің терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас киімі "Тымақ" осы түлкінің терісінен тігіледі. Оны "Түлкітымақ" деп те атайды. Түлкінің қорегі түрлі құстар, құстың жұмыртқасы, балық.
Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті ба

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: