алай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.
Үстел үсті ойыны: "Қуыршақты киіндіреміз"
Мақсаты: балаларды адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Шарты: қатты қағаздан қиылған қуыршақ макетін киім үлгісімен киіндіру.
Балалардың жұмысын мадақтау.
- Балалар, қуыршаққа өте жақсы киімдерін киіндіре білдіңіздер, адамгершілік, мейірімділік қасиеттеріңізді көрсете білдіңіздер.
- Өте жақсы балалар.
Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!
« МЕНІҢ СҮЙІКТІ АНАМ!»
Мақсаты: Балаларға адам баласын жарық дүниеге әкеліп,оны тәрбиелеп өсіретін ана екен түсіндіру. Үлкендерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу , тақпақ айту,мақалдар айту ойын .
Көрнекіліктер: аналарға қатысты суреттер.
Шаттық шеңбер!
Мейірімді,сымбатты,
Қадірменді,қымбатты,
Ең жақын жан балаға,
Кім десеңдер?
Ол-ана.
«Күннің шуағы жылы,ананың құшағы жылы»деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?»
Ойын:» Ана баласын қалай сүйеді?»
-Ана туралы қандай мейірімді сөздер білесіңдер?
-Аналарың жұмыстан шаршап келгенде,қалай қарсы аласыңдар?
-Балалар,аналарың шаршағанда көмектесесіңдер ме?
-Аналарыңа қалай көмектесесіңдер? Неге?
-Балалар,аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Ойын:«Ананың алақаны қандай?»
(Мейірімді,жылы,ыстық. . )
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,аналарың неге қуанады неме
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>