«26 мектеп – балабақша» КММ
КГУ « Школа – детский сад 26»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Қоршаған ортамен танысу/құрастыру
«Жабайы аңдар»
Дайындаған:
Досбаева З. А.
Петропавл 2017ж
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Білім саласы:Қатынас. Шығармашылық.
Қоршаған ортамен танысу. Құрастыру.
Тақырып: «Жабайы аңдар»
Мақсаты:
Балаларға жабайы аңдар және олардың мінез-құлықтарының белгілері туралы түсінік қалыптастыру.
Қойылған сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруге үйрету.
Жұмбақтарды шеше білуге жаттықтыру,алдынғы игерілген тәсілдерді қолдана отырып,қиялдау қабілеттерін арттыру.
Балаларда құрастыруға қызығушылық тудыру.
Балаларда ойлау қабілетін дамыту.
Балаларды табиғатты сүюге,аңдарды аяушылық білдіруге,оларға көмекке келуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайд.
Ұйымдастыру кезеңі:
Арайланып таң атты
Күн шуағын таратты,
Амансың ба нұрлы күн
Амансың ба достарым!
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қыс мезгілі.
Тәрбиеші:Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?Балалар,бүгін біз қыс мезгіліндегі орманға серуенге барамыз. Орманда қандай өзгерістер болып жатқанын көреміз.
(Музыка ырғағымен серуенге шығады). Орман қандай тамаша!Айнала ап-аппақ. Ағаштардың бұталарын қар басқан. Балалар,қараңдар сандық тұр.
Тәрбиеші:Қане,ендеше көрейік бұл сандықта не бар екенін?Сандықты ашады,ашылмайды.
Балалар мына сандық ашылмайды ғой. Бұл сандық жай сандық емес,сиқырлы сандық болды.
Бұл сандықтың ішіне аңдарды ,жалмауыз кемпір сиқырлап салып қойыпты. Аңдарды құтқарайық. Аңдарды құтқару үшін жұмбақтар шешуіміз керек екен.
Жұмбақтар шешеміз.
1. Сыбдыр шықса қашады
Қырдан бір
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>