Жаңартылған білім мазмұны

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі", "Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу". Мұғалім үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнен кәсіптік шеберлікті дайындық пен ізденісті, ақпараттық және функционалдық сауаттылықты талап етеді.
Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидаларына мыналар жатады: балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, оқу үрдісін оқушының сезінуі, пәнге қызығушылығын арттыру тәсілдерін тиімді қолдану. Ең маңыздысы, әр оқушының ерекше болмысын, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Әр баланың жеке дамып, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізу үшін бір мезгілде оқытушы да, психолог та болуы қажет . Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін ізденіс - жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. Ұстаздың өзі - ізденуші. Ондай жаңашыл ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады. Әрбір сабақта озық технологияларда пайдаланып өткізу жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын әдіс-тәсілдерін талмай іздеу - әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз инновациялық технологиясын қолдана отырып, оқушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыстануы керек.
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесі дамуының Мемлек

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: