кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында "Шиыршық әдісімен" орналастырылған және бір - бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Әрбір сабақ-мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану- ұстаз шеберлігінің белгісі.
"Білім туралы заңда" оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген. Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда пәнді оқыту барысында инновациялық технологиялардың қолданысқа тиімді, ұтымды нұсқаларын таңдап-талғау алдыңғы кезекте тұрады. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту -бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Инновация дегеніміздің өзі - жаңалықты енгізу, Жаңалық әкелу, жаңа әдістеме, жаңа технология. "Инновациялық технологиялар" тіркесі бүгінгі педагогикада оқу тәрбие үрдісінде нәтиже көрсететін ұғым. "Инновация - оқу бағдарламасын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>