Ж ж дыбысы мен әрпі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пәні: сауат ашу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ж дыбысы мен әрпін таныту. Ж дыбысын сөз ішінен бөліп, дұрыс айтқыза білу, ж әрпі бар сөздерді тұтас оқу.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, достық қарыс – қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, парақша, суреттер, буындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын!
Сәрсенбінің күні
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
Ән: Біз бақытты баламыз!
ІІ. Өткенді қайталау
Бәйге ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу
- Дыбыс дегеніміз не? (естиміз, айтамыз)
- Әріп дегеніміз не? ( көреміз, жазамыз)
- Дыбыстар неше түрге бөлінеді? ( дауысты және дауыссыз дыбыстар)
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
- Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
- Қазақ ғарышкерлерін ата.
Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А. Айымбетов
- Түйе өркешіне қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (М)
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлем сөздерден құралады
- Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер,
Ойын: «Қай үйге барады?»
Осы берілген әріптерден сөз құрайық
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларды топқа бөлу
- Сендер қандай жемісті таңдадыңыздар?
Алма, алмұрт, құлпынай
- Бұлар неге жатады?
- Жеміс - жидектерге жатады.
- Жеміс – жидектер сөзінің басында қандай дыбыстар естіледі?
- Ж дыбысы
- Ол қандай дыбыс?
- Ж

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: