>Дәптермен жұмыс
Әріп элементерімен таныстыру.
«Ж» әрпінің жазылуын көрсету.
Бірінші элементі - үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламымызды қойып, солдан оңға қарай доға сызықты үлкен жол ортасынан айналдырып, төмен тартамызда, жазу жолының төменгі сызығына тигізе доға сызықты сәл көтереміз.
Екінші элементі – жазу жолының жоғары сызығының доға сызықпен қиылысқан тұсына қаламымызды қойып, оңға қарай үлкен жол ортасына дейін көлбеу сызық түсіреміз де, бұрыш жасай отырып, сызықты төмен қарай жазу жолының сызығына дейін жалғастырып, оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының үстіңгі сызығына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – бастапқы нүктенің тұсынан екінші доға сызықты оңнан солға қарай жүргіземіз.
Кіші әрпінің жазылуы.
Бірінші элементі – жазу жолының ортасынан қаламыңды қой. Солдан оңға қарай жоғарғы сызыққа тигізе доға сыза отырып, төмен тартамыз да сызықты астыңғы сызыққа тигізе солға қарай иеміз.
Екінші элементі – доға сызықтың ортасына қаламыңды қойып, жоғары сызыққа дейін көлбеу сызық жүргіземіз. Сызықты төмен астыңғы сызыққа жеткіземіз де оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының ортасына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – енді осы сызыққа қосылатындай етіп, солдан оңға қарай жолды толтыра тағы да доға сызық сызамыз.
Ауада жазу.
Шығармашылық тапсырма:
Көгершіннің тапсырмасы
1. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.
2. Жұмбақтар шешу
3. Суретті табу.
Бес жолды өлең құрастыру
1. Жолбарыс
2. Күшті, ала
3. Жүгіреді, секіреді, аулайды
4. Орманда тіршілік ететін жыртқыш
5. Аң
Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Ж қандай дыбыс?
2. Сөздің қай жерінде кездеседі?
Бағалау: Бағдаршам (түсінгендерін білу)
Мадақтау
Үйге тапсырма.
Страницы: << < 1 | 2 | 3