Ж дыбысы мен әрпі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

әті:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ой, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша.

5. Жұмбақ жасыру:
Гүлдерге қонады,
Шырынын сорады.
Түр - түсі сары ала
Бұл не? (Ара)
Дұрыс, ара. Ара қандай дыбыс шығарады?- ж - ж - ж - ж - ж - ж
Ара, ара, аралар,
Орманның бәрін аралар.
Гүлдерден сорып бал алар.
Магниттік тақтада гүлдердің суреттері.
Ара қай гүлге қонады, сол гүлде араның тапсырмасы болады.
Араның тапсырмалары:
1. Әріптер арасына жасырынған - Ж - әрпін тауып сызыңдар.
(сурет)
2. "Не артық?" Карточкадағы артық затты тап, ол неге "артық?"
(сурет)
3. Жолбарыс
Жылан
Жапырақ
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрастыру.
4. Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос".
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.
Жа - ға, жу - ан, жаң - ғақ, жыл - дам, Жас - лан, жаң - быр, жы - лан, жас - тық, жү - зім, жұл - дыз, же - міс, жұм - бақ, жи - һаз.
5. Тақтада әр - түрлі суреттер ілінген (жүзім, машина, қонжық, түйе, доп, көжек, жылқы). Осы суреттердің ішінен - ж - дыбысы бар суреттерді тауып, атын атап буынға бөлу.
- Балалар, біз араның барлық тапсырмаларын орындадық.

6. - Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Ж - дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.
- Балалар, сендер - Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің Қазақстан еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондықтан мен сендерге мынадай жұлдызша сыйлаймын. Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздікке биыл 20 жыл бола

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: