орналасқан? Солтүстік Америка материгінің жер бедерінің ерекшеліктерін естеріңе түсіріңдер.
Материктің Солтүстік полярлық шеңбері мен Солтүстік тропиктің аралығында орналасуы күн сәулесінің әр түрлі түсуіне және әр түрлі ауа массаларының қалыптасуына себеп болады.
Шығысы мен батысында таулармен қоршалып жатуы Тынық және Атлант мұхиттарынан келетін ылғалды ауаны ішке енгізбейді.
Материктің орта бөлігіндегі кең байтақ жазықтар арқылы солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай ауа еркін қозғала алады. Осының салдарынан ауа массалары арасында температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары туып, құбылмалы ауа райын қалыптастырады.
Солтүстік Американың ішкі сулары тақырыбын мүмкіндігінше оқулықпен және карталарды пайдаланып өз беттерінше оқып үйренуге болады. Мұғалім өзендер мен көлдерге алаптары бойынша сипаттама жасау үшін картаны пайдалана отырып, әңгімелесу өткізеді. Ол үшін мынадай сұрақтар қояды: Солтүстік Америка өзендері қай мұхиттарға құяды? Атлант мұхиты алабына жататын ірі өзендерді көрсетіңдер.
Солтүстік Америка өзендер жүйесі климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Тынық мұхит алабындағы өзендер ұзындығы қысқа болып келеді. Мұғалім оқушыларға атлас карталарын және кескін картаға түсірген мұхит алаптары шекараларын көрсете отырып, өзен жүйелерінің бұлай орналасу себептерін анықтауларына тапсырма береді.
Мұғалім өзендерге жеке алаптары бойынша сипаттама беруді Атлант мұхиты алабынан бастайды. Оқушыларға мынадай әңгімелесу сұрақтарын қояды: Атлант мұхиты алаптары суайрық жоталары қай жермен өтеді? Атлант мұхиты алаптарына жататын ірі өзендерді атап, оларды картадан көрсетіңдер. Бұл өзендердің қоректену ерекшеліктерін аны
Страницы: << < 53 | 54 | 55 | 56 | 57 > >>