ерілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады)
-- Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.
Тақтаға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді.
1. Күн: кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2. Жер: бағдаршамда неше көз бар? (3)
3. Ай: қолғапта неше саусақ бар? (5)
4. Шолпан: адамда қанша көз бар? (2)
5. Марс: жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. Сатурн: аспанда неше күн бар? (1)
7. Нептун: бір жылда неше ай бар? (12)
8. Плутон: бір аптада неше күн бар? (7)
9. Уран: адамда қанша саусақ бар? (10)
-Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік. Ол үшін сіздердің алдарыңдағы даярланған конверттер ішінен пішіндерді пайдалана отырып жұлдыздар құрастыру керек.
Құрастыру жұмысы болады. Жәй әуенде музыка ойналып тұрады.
Тәрбиеші: -- Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен?
Балалар: -- 5 үшбұрыш, 1 бесбұрыш.
Өте жақсы. Жұлдыздарымызды қалташаларымызға салып алайық. Мында қараңдар балалар біздер жұлдыздарымызды құрастырумен айналысып жатқанымызда біздің ғаламшарға жатпланеталықтар келіп қалыпты. Мынау солардың іздері ғой. (музыка ойналады). Жатпланеталықтар құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастырып көрейік.
Балалар табан іздеріне салынған сандарды рет санымен қатар орналастырады.
-- Балалар сіздер рет санымен сандарды орналастырдыңдар бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса барлығымыз бірлесіп, күш жинап ,жаттығу жұмысын жасап көрелік.
Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды.
-- Кү
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>