Гарышка математикамен бирге

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Ойнада ойлан"
Сабақтың тақырыбы: "Ғарышқа математикамен бірге"
Салтанат Қостанаева. "Райхан" балабақшасының
Естиярлар тобының тәрбиешісі.
Сабақтың тақырыбы: "Ғарышқа математикамен бірге"
Сабақтың мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін беркіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.
Сабақтың әдістері: саяхат, қисынды есептер, дидактикалық ойындар.
Қажетті құралдар: зымыран, "жұлдызды қалашық", ғаламшарлар, жұлдызшалар, жатпланеталықтар бейнесі, қисынды есептер.
Алдын-ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу.
Сабақтың барысы:
-Балалар біздер бүгінгі сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.
-- Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
-- Зымыран.
-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.
Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады.
-- Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.
-- Үшбұрыш - төбесі, кеудесі - төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш - деп балалар жауап береді.
-- Міне, балалар зымыранымыз да дайын. Енді біздер "Жұлдызды қалашықта" даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге "Жұлдызды қалашық" мынадай тапсырма даярлаған екен. Тапсырма аты: "Орныңды тап". Бұнда біздер "Жұлдызды қалашықтағы" үйлерді дұрыс орналастыра білуіміз керек. Сіздердің алдарыңда үйлер тұр, үйлер артында сандар тығылып тұр, сол сандар арқылы шытырман жолдан өтіп өз орыныңды табуың керек.
-- Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер б

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: