ңішке;
б - дауыссыз, ұяң;
е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
р - дауыссыз, үнді.
VІ. Сөздік жұмыс.
онша - не очень немере - внук
жеке меншік - частный шөбере - правнук
балалар дәрігері - педиатр заңгер - юрист
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Онша үлкен емес, жеке меншік үй, балалар дәрігері болып істейді, . . .
4. Сөйлемдер құрау.
Менің отбасым онша үлкен емес.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
VІІ. Сергіту жаттығу.
Аталар, Апалар,
Әжелер, Балалар -
Ағалар, Әр үйде,
Әпкелер, Бар олар.
(Әли Ысқақбай)
VІІІ. Лексикалық тақырып.
Тақтада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.
ә) Содан кейін оқулықта берілген мәтінді іштей бір рет оқиды.
б) Мәтін бойынша "Мені түсін" ойыны.
Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді оқып болғаннан соң, мұғалім оқушылардан кітаптарын жауып, осы мәтіннің негізгі мазмұнын қамтитын 10 сөзді дәптерлеріне жазуларын талап етеді. Содан кейін мұғалім өзі алдын ал дайындаған түйінді сөздермен салыстырады. Осы түпнұсқамен сөздері сәйкес келген болса, сол жеңімпаз деп танылады.
в) Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру (2-тапсырма, 3-бет).
1. Сенің отбасың үлкен бе?
2. Отбасыңда қанша адам бар?
3. Сенің ата-анаң қай жерде жұмыс істейді?
4. Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?
5. Олар неше жаста?
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>