І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Модуль құрамын айту.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
ІV. Грамматикалық тақырып.
Мұғалім тақтада берілген сызбалар
бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ
1. Буын үндестігі (слоговой сингармонизм)
а) жуан жуан жуан; оқушылар
ә) жіңішке жіңішке жіңішке; етікшілер
2. Дыбыс үндестігі (звуковой сингармонизм)
а) қатаң; б, в, г, дқатаң бастық
ә) ұяң (б,в,г,д әріптерінен басқа) - ұяң, үнді ауылға
б) . . . к г шелекі шелегі
. . . п дауысты б кітапы кітабы
. . . қ ғ тарақы тарағы
V. Фонетикалық талдау жасау.
Оқулықта берілген фонетикалық талдауды негізге ала отырып, оқушылар берілген сөздерге фонетикалық талдау жасайды. Әр топқа әр түрлі сөздер беріледі. Дайындыққа 4 минут уақыт. Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.
1-топ: мамандық; 2-топ: заңгер; 3-топ: шөбере.
Жауап үлгісі
1-топ
Ма-ман-дық - үш буынды, 1-ашық, 2,3-бітеу буындар
м - дауыссыз, үнді;
а - дауысты, езулік, ашық, жуан;
н - дауыссыз, үнді;
д - дауыссыз, ұяң;
ы - дауысты, езулік, қысаң, жуан;
қ - дауыссыз, қатаң.
Жауап үлгісі
2-топ
Заң-гер - екі буынды, 2,3-бітеу буындар
з - дауыссыз, ұяң;
а - дауысты, езулік, ашық, жуан;
ң - дауыссыз, үнді;
г - дауыссыз, ұяң;
е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
р - дауыссыз, үнді.
Жауап үлгісі
1-топ
Шө-бе-ре - үш буынды, 1, 2,3-ашық буындар
ш - дауыссыз, қатаң;
ө - дауысты, еріндік, ашық, жі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>