Физиканы жақсы білсің бе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы:Физиканы жақсы білеміз бе?
Мақсаты
Білімділік : Оқушылардың өтілген тарау бойынша алған білімдерін тексеру және белсенділігін, қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамыту : Масса, көлем, тығыздық, күш, ұғымдарын еске түсіре отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : Ынтымақтастыққа, бірлікке, жолдастық қарым-қатнасқа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың әдістері: Жаңа техналогиялық әдістерді пайдалану, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс, слайд, карточкалар, документ камера, диномометрлер, штатив,шыны ыдыстар,архимед шелекшесі.
Қазылар алқасымен таныстыру.
Сабақтың жоспары.
1. Тест сұрақтары
2. "Орнын тап" кесте толтыру
3. "Ғылыми жұмыс үстінде"
4. "Ойлан тап" сайысы
5. . "Есеп шығаруға қалайсын"

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: сынып оқушылары II топқа бөлінеді ( "Энергия", "Импульс")
Ойын ойнау арқылы білімдерін сарапқа салады.
I. "Тест сұрақтары" берілген тест сұрақтарына жауап беру. Дұрыс берген жауапқа 1 ұпай
"Энергия" тобының тест сұрақтары
1. Булану дегеніміз:
A. Сұйықтың молекулаларының кез-келген бағытта таралуы
B. Сұйықтың суға айналу құбылысы
C. Шапшаң қозғалатын молекуланың қозғалысы
D. Заттың сұйық күйде болуы
2. Сұйықтың бетінде жүретін булану . . . . . . . . . . . деп аталады.
A. Кебу
B. Булану
C. Кристалдану
D. Конденсациялану
3. Қаныққан бу дегеніміз -
A. өз қысымы тұрақты болатын бу
B. будың концентрациясы
C. температурасы өзгермеген кездегі бу
D. өз сұйығымен динамикалық тепе - теңдікте болатын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: