Физикада кім жүйрік?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Өмір велосипед сияқты, тоқстасаң құлап қаласың.
Эйнштейн Хамитова Лунара Максотовна БҚО, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика-информатика пәнінің мұғалімі
Сыныптан тыс шара тақырыбы: Физикада кім жүйрік? (8 - сынып)
Сыныптан тыс шара мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физикадан алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, қайталау, бағалау арқылы физикадан кім жүйрік екенін анықтау
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, есте сақтау, теория мен практиканы ұштастыра білу қабілеттерін дамытып, физикалық дүниетанымдарын, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасауға, бәсекеге қабілетті, физиканы жетік меңгере алатын өскелең ұрпақ тәрбиелеу.
Сыныптан тыс шара түрі: сайыс
Сыныптан тыс шара көрнекілігі: кітап көрмесі, оқулықтар-8сыныпқа, дидактикалық материалдар жинағы, тәжірибе құрал-жабдықтары (жылуөткізгіштік, қайнау), плакаттар, слайдтар, бағалау парағы, жұлдызшалар, графопроектор
Сыныптан тыс шараның өту барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу (сайысқа қатысатындар мен көрермендер)
ІІ Сайыс бөлімі:
1 - Топтың аты, эмблема, ұраны
2 - Физика анықтамалығы
3 - Физикалық шамалар (белгіленуі, аты, өлшем бірлігі, формуласы)
4 - Сен маған, мен саған (жұмбақ жасыру)
5 - Физиканың зертханасында (топ басшыларының сайысы)
6 - Физика - сахнада (физикалық құбылысты жест арқылы көрсету)
7 - Физика әзілі
(әрбір дұрыс жауап - 1 балл)
Өту барысы:
Армысыздар, құрметті жиналған қауым!
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар
Физикадан басталмақшы
"Физикада кім жүйрік?" сайысы, - деп, бүгінгі сайысымызды ашық д

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: