Физика сабағында оқушыларға экологиялық білім беру

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

мегатоннасы жер асты жарылысына келеді. Бұл ауаға араласқан радиоактивтілік қоспалар Жезқазған аймағына да жеткен. Семейде 100-ден астам ядролық және термоядролық бомбалар сыналған.
Бұл жерде дүние жүзінде бірінші рет 1949 жылы тамыз айында плутоний бомбасы сыналған. Бұл уақытта ауада биіктігі 2 метрден 2000 метрге дейін көтерілген қуаты 20 Мт қопарылыстық толқын пайда болған. Мұнда тұратын халық 10-100 бэр жұтылу дозасын қабылдаған. Біз физикадан білеміз адам денесінің радиоактивтілігі бір жыл ішіндегі сәуле шығару дозасы әр адамға 0,002 Гр шамалас болады. ал сәуле шығарумен жұмыс істейтін адамдар үшін 1жыл ішіндегі шектік мүмкін дозасын 0,05 Гр деп тағайындайды. 3-10 Гр сәуле шығару дозасы өлім қаупін туғызады.
10 сыныпта физика курсы бойынша "электродинамика" бөлімін өтетін кезде оқушыларды экологиялық мазмұндағы төмендегідей негізгі сұрақтармен таныстырамын: Электр өрісі және оның өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері, электр энергиясын өндіру және тиімді пайдалану, оның басқа энергия түрлерінен экологиялық тұрғыдан алып қарағандағы артықшылығы, халық шаруашылығындағы электр тогының қолданылуы, өндірістерді және ауыл шаруашылығын электрофикациялау, жер бетіндегі организмдер тіршілігі үшін атмосфералық электр көзінің маңыздылығы, атмосфералы электр энергия көзі , электрфильтрлермен суды және ауаны тазарту, жердің магнит өрісі т. б. Мысал ретінде оқушыларды организмге әсер ететін электр өрісімен таныстыруға болады. "Электр өрісіндегі диэлектриктерді" оқытқанда адам организмдегі реакциялар себептерінің электр өрісіне әсері туралы түсіндіре отырып, адам организмнің құрамында хлор анионы мен натрий, калий, кальций және т. б катиондары болатындығын одан су құрайтыны айтылады. Адам организміндегі су молекулалары Жердің өрісінің әсерінен поля

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: