САБАҚ ЖОСПАРЫ 
 Скендирова Айгерим Нуртаевна 
 Қандыагаш қалалық 4 орта мектеп, Ақтөбе облысы 
Класы: 5 "б" 
Пән аты: Информатика 
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту
 Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен және файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет ұғымдарымен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. 
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт. тақта, электронды оқулық, 
Сабақтың өту барысы:
 1. Оқушыларды ұйымдастыру
 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
 4. Тапсырмаларды орындау
 5. Сабақты бекіту
 6. Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
Файлдар мен қапшықтар
 Файл дегеніміз не? Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows-та бағдарламалардың басқа атауы - қолданба да қолданылады. 
 Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады. 
 Файл типтерінің кейбір негізгі "құжат ретінде" белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
  . bmp Paint
  . doc Word WordPad
  . txt Блокнот қолданбасының құжаты
  . wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы. 
  . avi Бейне - клип
  . xls Excel кестелік процессорының құжаты
  . ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
 Қапшықтар-бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы тақырыптық белгісі бойынша: бір 
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
