ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық-бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98- дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін- файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. Windows 98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Қапшықтар екі түрлі болады:
-кәдімгі қапшық-каталогтар;
- арнайы қапшықтар (Менін компьютерім, принтерлер және т. б. )
Қапшықтарды құру оның құрылымы:
Қапшық элементтері: тақырып,меню,терезені басқару батырмалары,айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы. Қажет элементтер жиынын Бұл мына жолмен тандауға болады:Түр- Құрал -Саймандар және Түр Қалып күй жолы.
Терезеде жаңа қапшық құру:
Қапшықты ФайлСоздатьПапка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде "Жаңа Файл" аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру:
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.
СоздатьПапка комадасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады.
Қапшықтың атын енгізіп,енгізу пернесін басу.
Танбаша- бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиет
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>