FAST FOOD ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН КАССАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА КҰРУ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ӘОҚ 004. 4
Fast food қоғамдық тамақтану орындарына арналған кассалық бағдарлама кұру
Байзакова И. , Шащанова М. Б.
Қарағанды «Болашақ» академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
HYPERLINK "https://e. mail. ru/compose?Toinzhutas2293mail. ru" inzhutas2293mail. ru , maira1mail. ru
Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының кандидаты, профессор Шащанова М. Б.
Қазіргі кезде елімізде, қаламызда да көптеген Fast food тамақтану орындары ашылуда, олардың барлығына кассалық бағдарлама қажет болып табылады. Бүгінгі күні осы секілді бағдарламалар үлкен сұранысқа ие. Осы секілді бағдарламаның арқасында есеп жүргізуге, тауарлардың соммасын есептеуге артық калькулятор секілді құрал қолданып артық уақыт шығындамай тапсырыс қабылдау уақытын үнемдеуге көмек береді. Кассалық бағдарлама құруымның мақсаты Fast food тамақтану орындарында қолданысқа ендіретін бәсекеге қабілетті ыңғайлы бағдарлама құру.
Кассалық бағдарлама дегеніміз- кассалық түйінде кассир (кассадағы ақшаны есептеу, қабылдау, сақтау, кассадан ақша беру міндеті жүктелген тұлға) тапсырыс қабылдауы үшін орнатылатын бағдарлама. Кассир тапсырыс берушінің тапсырысын осы бағдарламаның көмегімен дисплей бетіне енгізіп, осы арқылы сатып алушыларға шыққан сомманы атап, төлемді қабылдайды.
Құрылған бағдарлама қолдануға оңай және қол жетімді болып табылады. Бұл бағдарлама жаңадан жұмысқа тұрған жұмысшыларға бағдарламамен жұмыс жасап үйренуге артық уақыт жоғалтпай тек онымен танысып, бұл бағдарламамен өзіне тиесілі парольмен кіру арқылы жұмыс жасауына болады. Қауіпсіздік сақтау мақсатында әр кассирге тиесілі пароль әзірленеді.
Сурет- 1. Аты- жөні мен пароль енгізу терезесі
Әр кассир өз жеке паролі мен аты- жөнін енгізу арқылы бағдарламаны аша алады. Сонымен қатар қандай да бір жұмыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: