Тақырыбы: Еуразия. Физикалық - географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар, зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып,Еуразия материгінің географиялық орны, зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту;
2. Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту; Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды материктің тарихымен таныстыра отырып өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, сәйкестендіру тест,картамен түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның физикалық картасы, оқулық, суреттер, карта, слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып сабақ барысымен таныстыру, психологиялық дайындық
1 слайд
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
"Тілек гүлі" арқылы оқушылар бір- біріне жүрек жарды тілектерін білдірді.
Ұлт тірегі- білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер білім алу жолында.
Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,
Жас қырандар алау оттай жалында. - деп оқушыларға сәттілік тілеп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Балалар , бүгін біз сабағымызда менгерген білімімізді тиянақтау барысында бірнеше тарсырмаларды орындай отырып бірнеше сатыларға көтерілеміз. Сол сатылардағы тапсырмалар арқылы біз білім шыңына шығатын боламыз және өзімізге керекті мәліметтерді жинап отырамыз. Енді сол тапсырмаларды орындауға көшейік.
1-сатысы ашылады. 2 слайд
Үй тапсырмасын тексеру:
Солтүстік Америка материгі бойынша т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>