Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қараағаш жалпы білім беру мектебі
Қазақ тілі пәнінен сабақ үлгісі
Тақырыбы: Етістіктің шақтары
Бастауыш сынып мұғалімі Шухаманова Рашиля Кенжибайқызы
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды етістіктің шақ категориясы туралы түсінік беру; жаттығуларды орындай отырып етістіктердің қандай мезгілдік ұғымда жұмсалып тұрғанын анықтау; олардың үш жақта ( осы шақ, өткен шақ келер шақ) айтылатынын түсіндіру.
2. Өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын, белсенділігі мен ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ИБТ, тест тапсырмалары, карточкалар.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топпен жұмыс, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
oo Балалар, бүгінгі сабағымызды мынадай ұранмен бастайық:
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбектену арқылы,
Қолды 5 - ке жеткізу.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Қайталау.
- Етістіктің жіктелуі дегеніміз не? ( Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгепуін етістіктің жіктелуі деп атайды).
- Қандай түрлері бар? ( жекеше, көпше).
- Жұмбақ шешу: Адасып сенен қалмайды, қараңғыға бармайды. (көлеңке).
IV. Жаңа сабақ
2) Мотивация:
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағы мұғалімдер. Олар не істеді?
( кірді, отырды).
oo Біз не істедік? ( сәлемдестік )
oo Дұрыс. Дәл қазір мұғалімдер не істеп отыр? ( тыңдап отыр, қарап отыр).
oo Сабақ біт
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>