Етістік 3 сынып

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

кесін мұғалімдер не істейді? ( кетеді, рахметін айтады, мадақтайды).
oo Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз неге арналады? ( етістікке ).
oo Дұрыс балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің шақтары.
oo Мақсатымыз: етістіктің шақтарымен танысу, оларды жаттығулар орындау кезінде ажырата аламыз.
3) Тақтамен жұмыс.
Сөйлемдерді оқып, етістіктерді тап. Оларға сұрақ қой.
Ажар сабақ оқып отыр. Асхат малға жем беріп жүр. Балалар көлге барды. Олар коньки тепті. Ғани мектепке барады. Ол түстен кейін оқиды.
Проблемалық ситуация тудыру:
Етістіктердің қандай айырмашылығы бар?
Осы етістіктер іс-әрекеттің қандай уақытын білдіріп тұр?( осы уақыт, өткен уақыт, болатын уақыт ).
Осыған орай етістіктің үш шағы бар екен. Солармен бүгін танысамыз.
Ассоциация жасау

ЕТІСТІК



Осы шақ Өткен шақ Келер шақ

4). Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық.
Шеңбер құрып алайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық
Орнымызды табайық.
(етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айту).

5) . Іске асыру, қолдану.
Топпен жұмыс (3 топ) 116 бет, 1 жаттығу.
Сұрақ: Етістіктер қай шақта түр?.

6) Тақтада жұмыс.
3 жаттығу . Қайт, кел сөздерін үш шақта жазу.

Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
қайтып келеді қайтты, қайтып кетті қайтады
келе жатыр келді, келіп кетті келеді





7). Шығармашылық жұмыс
Өлеңді оқып, етістіктерді үш шақта өзгертіп жазыңдар:
Шаңғы, шана сайла,
Конькиіңді байла.
Думандатып ойна.
Қыс қызығына тойма.

8) Тест тапсырмалары.

1. Етістіктердің сұрақтарын белгіле:
а/ Қандай? Кімдер?
ә/ Не істеді? Қайтті?
б/ Нешеу? Қайтты?

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: