Етістік

Страницы: <<  <  1 | 2

оқу, шешімін табу (мысық), жатқа айтқызу, жаздырту. Етістіктің астын сыздыңдар ма? Ол қандай сөздер? (ұқсайды, ұстайды) Олар қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді?)
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: И и И и Инелік. 64-жаттығуды топпен орындау. Өлеңді мәнерлеп оқу. Етістіктер: (өрмек) құрады, тоқылады (алаша)
б) етістіктің түрлерін түсіндіру, мақсатымен ережені талдау, мысал келтіру.
Дара етістік дегеніміз бір ғана етістіктен құралған етістікті айтамыз. Мысалы: оқыды, жазды, жинады. Күрделі етістік - екі, не одан да көп етістіктерден құралған етістік түрін айтамыз. Мысалы: айтып бере алмады, оқып отыр. 66-жаттығуды тақтаға талдау жұмыстарын жүргізе отырып орындау.
Дара етістік
Күрделі етістік
Айбар оқыды
Айман секірді
Дәрігер емдеді
Анам құйды
Әжем тікті
Бала көмектесті
Айбар оқып отыр
Айман секіріп ойнады
Дәрігер емдеп жатыр
Анам құйып жатыр
Әжем тігіп отыр
Бала көмектесіп жүр
67-жаттығу. Ақ, кит, мысық, ыдыс, ала. "қимыл" Етістік. 68-жаттығу Жаңылтпашты, оқу, жаттау, 5-6 оқушыға жатқа айтқызу. Жаңылтпаштағы тыныс белгілерге назар аударту, жазғызу. Түбіт сөзінің мағынасын ашу. в) Сергіту жаттығуы
ҮІ. Бекіту: Өздік диктант 1. Көктем . . . . 2. Қар . . . . 3. Жер . . . . 4. Жаңбыр . . . . 5. Найзағай . . . . 6. Құстар туған жерге . . . . 7. Арықтарда су . . . . 8. Ағаштар . . . .
Көп нүктенің орынына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 69-жаттығу, 23-бет түсіндіру. ІХ. Оқушыларды бағалау








Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: