тiкелей алады (мысалы, массаны таразыда өлшеу, детальдың ұзындығын микрометрмен өлшеу).
Нақты айтқанда, өлшеу әр қашанда тiкелей жүргiзiледi және шаманы оның өз бiрлiгiмен теңестiредi. Бұл уақытта "өлшемнiң тiкелей әдiсi" терминi қолданылады.
Жанама өлшемдер - iзделiнетiн шамамен функционалды байланысты өзге физикалық шаманы тiкелей өлшеудiң нәтижесiнiң негiзiнде физикалық шаманың iзделiнетiн мәнiн анықтау.
Жанама өлшем төменгi жағдайда жүргiзiледi:
- өлшенетiн шаманың мәнiн тiкелей өлшеуге қарағанда, жанама өлшеумен жеңiл табатын болғанда;
- шаманың тiкелей өлшемi болмайды;
oo тiкелей өлшемге қарағанда, жанама өлшем қатенi аз жiбередi.
Жанаманың өлшемнiң теңдеуiнде: y f (X1 , X2 . . . Xn), y - аргументтер функциясы (X1 , X2 . . . Xn) болатын, тiкелей өлшеммен алынған iзделiнетiн шама.
Белгiлi бiр диаметрдегi (Д) белгiлi бiр жүннен (Р) болат париктi қысу жолымен металдың қаттылығын (НВ) анықтау жанама өлшемiнiң мысалы бола алады және осы кезде таңба тереңдiгiн (Һ) анықтамасын алады:
НВ Р/(ПДҺ).
Бiрiккен деп бiрнеше бiр атаулы шамаларды бiр уақытта өлшеуiн жүргiзудi айтады, бұл кезде шаманың iзделiнетiн мәнi тiкелей өлшемдерде алынатын теңдеу жүйесiнiң шешiмiмен табылады.
Мысалы, өлшем кезiнде кейбiр гирлердi массасын белгiлi бiр гирдiң массасы арқылы және гирлердiң әр түрлерiнiң массаларын салыстыру арқылы табуға болады.
Бiрге өлшеу - бiр уақытта екi немесе атаулары бiр емес бiрнеше шамаларды олардың
арасындағы функционалдық тәуелдiлiктi табу үшiн өлшеу жүргiзу.
Мысалы, дененiң ұзындығының температурадан, қайнау температурасынан және балқыту қысымынан және т. с. с. тәуелдiлiгiн анықтау.
Өлшем былай жiктелуi мүмкiн:
а) дәлдiгiн сипаттау жөнiнде - тең нүктелi (шаманы бiрнеш
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>