нда тұрған келесі ойыншыға қолын тигізу арқылы береді. Ойын осындай ретпен жалғаса береді. Соңғы ойыншы бағанға дейін жүгіріп, шеңберлердің барлығын алады да, ойынды аяқтайды.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
oo Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
oo Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.
Сұраңыз: Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?
Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Бұл ойынның жеңіл атлетикамен қандай байланысы бар?
(С, Ж, ҚБ)"Біріктірілген эстафета". Сынып командаларға бөлінеді. Әр команда ойыншыларын кезеңдерге қояды. Кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындап өтеді. Қатысушылар өз тапсырмаларын берілген қашықтықты өтіп орындайды да, эстафетаны келесі қатысушыға береді:
1. Біріншілер шеңберді үш рет өздерінен өткізіп, келесіге қолын тигізу арқылы эстафетаны береді.
2. Екінші қатысушылар бір орында секіртпе жіппен 5 рет секіреді.
3. Үшінші қатысушы эстафетаны алып, орындыққа ішімен жатып, қолдарымен көмектесіп сырғанайды.
4. Келесі қатысушы гимнастикалық маттың соңына дейін жанымен домалайды. Екі аяғы бірге, екі қолы түзу жоғары созылған.
5. Бесінші қатысушы бір орында 3 рет отырып тұруды орындайды.
6. Алтыншы қатысушы келесі кезеңге дейін бір аяқта секіріп барады.
7. Жетінші қатысушы бар жылдамдығымен мәреге жүгіредді.
Жеңімпаз-команда уақытпен анықталады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
oo Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
oo Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналғ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>