Есімдер сыры

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

а - Жұмабай, ауылына, үйiне хан келсе - Хангелдi, би келсе - Бигелдi, сұлтан келсе - Сұлтангелдi, қожа келсе - Қожагелдi деп, болмаса әкесiнiң қанша жасқа келгендiгiне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретiн болған. Қазiр, Құдайға шүкiр, ол әдеттен арылдық.
Қай кезде болса да Болат, Қанат, Қайрат, Жанат, Берiк, Серiк есiмдi ұлдар мен Мөлдiр, Маржан, Арай, Әсем, Әсел, Сымбат, Сандуғаш, Салтанат, Айгүл, Айнұр, Ақбота, Ақерке, Ақбаян, Ақмарал, Әйгерiм, Назерке атты есімдер кездесетін. Бұл, бiрiншiден, халқымыздың ой-өрiсiнiң, сана-сезiмiнiң артқандығының, мәдениетiнiң, талғамының дамығандығының белгiсi болса керек.
Баласының атын ырымдап қою - ата - анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп - Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп - Абай, батыр болсын деп - Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп - Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Қазіргі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бұл да елбасымыздай дана, ақылды болсын деген ырым.
Бала - адамның бауыр еті. Қай ата - ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата - ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Мектеп оқушылары мен туыстарыма мынадай с

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: