>
ХХ ғасырдың басында адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылым пайда болды. Антро пос - "Адам, оним/онима - "Есім", "Ат" деген сөз. Ендеше, антропоним дегеніміз - "Кісі есімі", антропонимика дегеніміз - ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы.
Шариғат заңы бойынша, нәресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құлағына қайталанады. Діни пікірлер бойынша, азан шақырып қойылмаған есімдер ақырзаманда өз рухын, тәнін іздеп қиналысқа түсетін көрінеді-мыс.
Ат қою-бұл қазақтың салт-дәстүрінің бірі. Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата - анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. "Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады", - деген наным - сенім бар. Бала - адамның бауыр еті. Қай ата - ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата - ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Ат қоя білеміз бе?
Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар құсап дiн иелерiнiң атын iздеп, әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбi күнi туса - Дүйсенбай, жұма күнi тус
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>