Білімберусаласы:"Коммуникация","Шығармашылық","Әлеумет","Таным",
"Денсаулық"
Тақырыбы: Ертөстік бізде қонақта.
мақсаты:
1)Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау, бөлімі бойынша өткен білімдерін бекіту.
2) Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
3)Ертегі кейіпкерлері арқылы ертегі
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу тақырыбын атауға баулу.
Көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері.
Тәрбиеші: балалар сабағымызды бастамас бұрын осы баулар арқылы жүрегіміздің жылуын жеткізейік.
Балалар:
- Деніміз сау болсын
- Бәріміз бақытты болайық
- Балабақшамыз гүлдене берсін
- Аспанымыз ашық болсын т. б.
Жарайсыңдар балалар орнымызға отырайық.
Тосын сәт: Әуенмен Ертөстік келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.
Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ертөстік ертегісіндегі Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық?
Ертөстік: Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің 8 ағам бар, ал мен 9-шы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын балалар?
Осы кезде экраннан таудың суреті көрінеді де, дыбыс шығады. (экранға назар аудару)
Тасбол: - Мен сиқыршы Тасболмын. Ертөстік мен сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап ж
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>