Қош келдің Жаңа жыл!
Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға « Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.
Көрнекілігі: безендірілген шырша, қыс суреті, ойын өткізуге арналған құралдар.
Кейіпкерлер:
Музыка ойналады жүргізуші кіреді:
Жүргізуші: Армысыздар аяулы тәрбиешілер, ата-аналар, қонақтар! Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер!!! Сіздерді Жаңа 2015 жылмен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана жаңа табыс, бақыт, береке, бірлік әкелсін!
Жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады.
Қуанышы көп болсын Жаңа жылда
Балалар қараңдаршы ортамызға ескі жыл жылқы жыл келіпті.
Музыка ырғағымен балалар кіреді.
Жүргізуші: Алдарыңызда «Қошақан», «Жұлдыздар» тобынын бөбектерін қарсы алыңыздар.
Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Мухамедьярова Сауле Өкенқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізбен бірге ескі жылқы жылы да келіпті
Жылқы жыл: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балаларым, қарағым,
Күнім, нұрым, жанарым!
Орындалып ойларын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендермен бір жыл бірге болдым, маған көрсететін қандай өнерлерін бар.
Жүргізуші: Қане, балалар жылқы жылына шырша әнін орындап берейік.
Ән: «Шырша әні»
Жылқы: Өте жақсы балалар, тағы қандай өнерлерін бар.
Жүргізуші: Жылқы жыл біздің балалардың тақпақтарын тамашалаңыз.
Ералы: Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жылыстап
Өлең де әзір, ән де әзір
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Надия: Безендірдік аулада
Өсіп тұрған шыршаны.
Әсемдеуге әр бала,
Бар өнерін жұмсады.
Ардақ: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>