Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп, сағынған.
Асхат: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жылқы: Балалар, міне сендермен қоштасатын кез келді. Жақсылап жаңа қой жылын қарсы алыңдар. Сау болыңдар!!!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылды қарсы аламыз ба?
Жүздеріне қуаныш нұрын төккен
Балбұл жанған беттерін аяз өпкен,
Айналайын, халайық, қарсы алыңдар,
Жаңа жылды асыға көптен күткен!!!
Қой жылы кіреді.
Қой жылы: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен қой жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарына рахмет! Жаңа жылдарын құтты болсын!
Бүгін мен сендерге мына тұрған үйіміздің сыйқырлы кілтін тапсыруға келдім.
Жүргізуші: Ал ол үйдің ішінде не бар екен?
Қой жылы: Оның ішінде көптеген балаларға арналған сыйлықтар бар. Жүргізушіге кілт тапсырады.
Жүргізуші: Олай болса, балалар шыршамызға іліп қояйық. Жаңа жыл кешінен кейін үйді ашамыз. Кілтті іліп қояды.
Қой жылы: Мен сендердің мерекелерінді көріп тамашалайын, қандай өнерлерін бар екен.
Жүргізуші: Отырыңыз сізге балалар көптеген өнерлерін көрсетеді.
Балалар шеңбер жасап тұрады.
Би: «Айгөлек»
Жүргізуші: өте жақсы балалар сендер ертегілер еліне барғыларын келе ме?
Балалар: Иә
Жүргізуші: Балалар ертегілер еліне бару үшін бір өнерімізді көрсетейік.
Ән: «Ертегілер»
Осы кезде қызыл телпек кіреді.
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі қызыл телпексіз.
Қызыл телпек: Балалар, біздің «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер! Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешіп көріңдер.
С
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>