е? :
Балалар: Ол түлкі. , ,
Тәрбиеші: Түлкі қандай?
Балалар: Ол өте қу, айлакер, кербез.
Тәрбиеші: Ендеше, түлкімен амандасайықшы. Балалар түлкімен амандасады.
Түлкі: Сендер кімсіңдер?
Балалар: Біз "Бөбек" тобының балаларымыз. Бауырсақты іздеп
жүрміз.
Түлкі: Мен сендердің бауырсақтарыңды көрдім. Ол менің қолымда. Менің қарным аш, сондықтан, оны жегім келіп отыр. Балалар: Түлкі, сен оны жемеші, біз саған қамырдан көптеген бауырсақтың мүсінін салып берейік
Балалар қамырдан бауырсақ жасайды. Оны түлкіге береді.
Түлкі: Ой балалар сендерге үлкен рахмет. Мен бұл бауырсақтарды пісіріп жеймін. Ал сендердің бауырсақтарыңды босатып жіберейін. (Түлкі кетеді. Ағаштардың арасынан бауырсақ шығады. )
Бауырсақ: Саламатсыңдар ма, балалар?
Балалар(қуана): Саламатсың ба, бауырсақ.
Тәрбиеші: Бауырсак, сені аман-есен көргенімізге қуаныштымыз.
Балалар, енді, бақшамызға қайтайық.
(Балалар топ бөлмесіне оралады. )
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме, балалар, үлкендердің тілін алмай үйден кетіп қалған бауырсақтың жағдайы не болғанын, егер сендер болмағанда, түлкі бауырсақты жеп қояр еді. Атай мен Әжей ренжіп жылар еді.
Бауырсақ: Балалар, сендерге үлкен рахмет. Мені қу түлкіден құтқарып қалдыңдар. Мен, енді, атам мен әжемнің тілін алатын боламын. Олар мені күтіп қалған болар, мен кетейін, сау болыңдар, балалар. (Бауырсақ шығып кетеді. )
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін қайда бардық?
Балалар: ертегілер еліне.
Тәрбиеші: ертегілер еліне не үшін бардық?
Балалар: бауырсаққа көмектесу үшін.
Тәрбиеші: ертегілер елінде сендер қандай жануарларды көрдіңдер?
Балалар:Қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Тәрбиеші: ол жануарлар қандай ертегінің кейіпкерлері?
Балалар: "Бауырсақ" ертегісінің кей
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>