Сабақ өткізудің технологиялық картасы
Білім беру аймағы: "Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеумет "
Бөлім: "Көркем әдебиет, Сауат ашу, Математика, Айналамен таныстыру, Өзін-өзі тану, Сурет"
Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат"
Мақсаты: 1. Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау;
2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;
3. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;
4. Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру.
Көрнекіліктер: Ертегілер суреттері, атрибуттар, текшелер, жолақтар, 1-ден 10-ға дейінгі сандар, ауыр, жеңіл, сұйық, сусымалы заттар, музыка, қылқалам, бояу, сүлгі.
Сөздік жұмысы: Ертегі, кейіпкер, сөз, сөйлем, дыбыс, буын.
Әр-т кез-рі
Мақсаттары
Педгогтың іс - әрекеті (әдіс - тәсілдері, қолданулар)
Дидактикалық құрал
Балалардың іс - әрекеті
1 кезең
Ұйымадастырушы қозғаушы
қызмет түрі
Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын артттыру.
Ән-күй залына кіріп, дөңгеленіп отырады. Тақтаға ілінген ертегілер, үлестірмелі материалдар қойылады.
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық,
Жинаған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Балалардың назарын ертегілер саяхатына аудару.
Б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>