Ертегілер елінде

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

іріп тұра бастайды.
Секеңдеп, секіріп қоян келеді.
- Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады? Сол кезде үйшіктен
ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмаларымды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.
Тәрбиеші балаларға тапсырма ұсынады:
1. Балалар қоян не жейді? Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді тапсырманы орындайық. Мына қиынды қағаздарды құрастырайық. Балалар ненің суреті шықты? Жарайсыңдар, қоянға үйшікке кіруге көмектестіңдер.
Орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылдым
Егеменді ел көрдім.
- Үйшікке жүгіріп көкжал қасқыр келеді.
- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:
- Менің тапсырмамды орындаған-дарға ғана үйшік өз есігін ашады.
- Балалар қасқырға көмектесеміз бе?
Тәрбиеші балаларға тапсырма ұсынады.
Дидактикалық ойын:
"Не артық?"
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Дұрыс таптыңдар, сиқырлы үйшіктің есігі қасқыр үшін де ашылды. Жарайсыңдар!
Қасқыр үйшікте тұра бастады.
Қутыңдап түлкі келіп:
- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік? (тышқан, қоян, қасқыр өздерін таныстырады). Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:
- Менің тапсырмамды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
- Үйшікте қандай аңдар бар?
- Олардың қайсысы бұрын келді?
- Қайсысы соңынан келді?
- Қасқырдан бұрын қай аң келді?
Үйшіктің есігі түлкіге де ашылады. Содан
бері барлық аңдар тату-тәтті өмір сүріпті.









Ия. Көмектесеміз.
















Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: