Ертегілер елінде

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Ертегілер елінде"
Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық.
Бөлімдері: Сенсорика, көркем әдебиет, құрастыру.
Мақсаты: Білімділік: Заттарды кеңістікте орналасуына қарай (оң, сол, астында, үстінде, жоғары, төмен т. б. ) анықтау, балаларды салыстыруға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, тілін, танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Әр баланы өзінің жеке жұмысын жасап қана қоймай, өзге достарына да көмектесуге тәрбиелеу, достық сезімін ояту.
Көрнекілігі: Тақта, үйшік, тышқан, қоян, қасқыр, түлкі.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Үлестірмелі құрал: Сәбіз

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың
іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері:
Бізқандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Іздену-ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, сендер ертегілерді ұнатасыздар ғой. Қане, "Үйшік" ертегісін есімізге түсіріп, ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақырайық.
- Алаңда бір үйшік тұр. (Суретті көрсетеді) Жертесер тышқан оны көріп қалып, неткен керемет үйшік, бұл кімдікі,- деп сұрайды. (тышқанның карточкасы қойылады).
- Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмамды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.
- Балалар тышқанға көмектесеміз бе?
Тәрбиеші балаларға тапсырманы ұсынады:
1. Суреттегі заттардың қайсысы үстелдің үстінде, қайсысы астында орналасқан?
Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, тышқанға үйшіктің есігі ашылады. Жарайсыңдар!
Тышқан үйшікке к

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: