Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі
А. Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күнді жалпы білім беретін бастауыш гимназия" ММ







"Ерлік - елге мұра, ұрпаққа-үлгі "






Өткізген : Балова Б. У.





















2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: "Ерлік - елге мұра, ұрпаққа-үлгі"
Мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, жас өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерін білу. Ұлы тұлға ұлт ұстазы А. Байтұрсынов өмір жолы, шығармаларымен танысу.
Отан Ананы құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлтжанды болуға үйрену.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Патриоттық ырғақта пафос ойнатылады
Өткізілу түрі: пресс- конференция
1-жүргізуші:
Армысыздар қадірменді қонақтар!
"Туады ерлер, ел үшін"
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кетпейді естен асыл ер,- демекші
"Ерлік - елге мұра, ұрпаққа-үлгі" атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: :
Елімізді дүрліктіріп соңына мұң қалдырған желтоқсанның ызғарлы күніне де 31 жыл толмақшы. Қылышынан қан тамып, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған Кеңес үкіметі де келмеске кетті. Ата-бабамыз аңсап өткен Тәуелсіз ел болдық.
1-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір азаматтың есінде мәңгі сақталады. Қазақтың басын бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн көңілден кетер емес.
Ән: Желтоқсан желі. Орындайтын Алпысова Аружан
1

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: