оқушы Сүндет
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
2 оқушы Толғанай
Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
3 оқушы Жан-мұханбет
Егемендік - бұл елімнің елдігі,
Егемендік - барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік - елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
4 оқушы Іңкәр
Желтоқсаным - тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
5 оқушы Айлана
Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың.
Қайрат пен Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
1 жүргізуші:
1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбандары: (интерактивті тақтада)Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Сыпатаевтар еді . Ерен аға апаларымыздың рухына бас иіп, бір минут еске алу парызымыз!
(Бір минут үнсіздік)
1 оқушы Толғанай
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
2 оқушы Ерхан
31 жыл тәуелсізбін, дербеспін.
Күмәндана қоймас боған енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан.
Қазір, міне артта қалды келмес күн.
2 оқушы Фатима
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О,халайық құтты болсын қуаныш!
1 жүргізуші
Ұрандайтын ұлың кетсе ұлтыңнан,
&q
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>