Ерлер есімі - ел есінде

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Ерлер есімі - ел тарихы

Мақсаты: Тәуелсіздікке қалай қолымыз жеткені жөнінде, қазақ ұлтының ер ұлдары туған жерін,
сүйікті елін жаудан ақ найзаның ұшымен, жұмыр білектің күшімен қорғап, ел
тарихын өз қандарымен жазып кеткендігі туралы түсінік беру;
Тәуелсіздік жолында еліміздің талай ұл - қыздары жойқын жорықтарда шейіт
болып ерен ерлігімен тарихта қалғандығын таныстыру;
елін, жерін мейірлене сүйе білген алып тұлғалы батырларымыздың жүрегі, адам-
гершілік, парасаттылық, кісілік, жомарттық, ақындық, шешендік т. б. қасиеттерін үлгі
ете отырып отансүйгіштікке, қажыр - қайраты, ерік - жігері мол, ынтымақшыл,
білімді болып өсуіне бағыт беру.

Көрнекілігі: ұлағатты, қанатты сөздер жазылған плакаттар, тарихтағы ер ұлдарының суреті,
тақырыпқа байланысты слайдтар.

БАРЫСЫ:
1- жүргізуші: Қазақ жері қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі қас сақтай ердің елі.
Елі кедей болмаған, жері байтақ,
Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.
Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,
Азап жүгін, ел жауын қуған ері.
Әділет пен бірлікке жанын қиып,
Әділ өткен билердің туған жері.

2 - жүргізуші: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ ері - өнерлі, өсиетті,
Египетті билеген Бейбарыстың,
Елі текті, киелі, қасиетті.
Қорлаған жау - басқыншы халыққа мұң,
Қорғаған ер - ойлаушы халық қамын.
Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,
Қорғап қалды ел бағын алыптарым.

1 - жүргізуші: Қазақ елі сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі.
Қазақ елі - асқан батырлығымен, ақыл - парасаттылығымен Египет еліне билік
жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

2 - жүргізуші: Аспаныңда жарқ - жұрқ етіп жалында

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: