езде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.
Пияз (Сабина):
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Қызылша (Нұрахмет):
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды,
Винегретте үстелде.
Картоп (Ерасыл):
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар,
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатып.
Батпақ қыз: - Ой,балалар,сендерге көп рахмет. Енді балалар 2 топқа бөлініп,команда бойынша көкөністерді,жемістерді жинап беріңдерші.
Балалар 2 топқа бөлінеді. Залда жатқан көкөністерді,жемістерді жинап,себетке салады.
Батпақ қыз: -Жарайсыңдар, балалар,сендер жылдам, батыл, тез қимылдап қана қоймай,сонымен қатар ақылды екенсіңдер.
Жүргізуші: - Батпақ қыз,біздің балалар сізге "Жас дәуірдің түлегіміз" атты әнді айтып береміз,- дейміз.
Жүргізуші: Бізбен бірге "Достар" биін билеңізші.
Батпақ қыз: -Күзде жаңбыр жауа ма? Жаңбырдан бізді не қорғайды? (қолшатыр) келесі ойын "Қолшатырмен жүгіру",- деп аталады.
"Қолшатырмен жүгіру"-қолға қолшатырды алып батпақты баспай,қағаздың үстінен жүгіру, жүгіріп оралу және қолшатырды келесі балаға беру.
Күз:-Күз деген ол тек қана көкөністер мен жемістер, әлде жаңбыр жауу емес,балалар. Біз Батпақ қыз екеуіміз сендерге сыйлық әкелдік. (жеміс толы себетті береді)Ал,енді бізге орманға қайту керек,сау болыңдар,балалар.
Жүргізуші: -Балалар,бізге де,топқа қайту керек. Сау болыңдар.
Балалар бір колоннаға тұрып,музыкамен залдан шығады.
.
Страницы: << < 1 | 2 | 3