Елін сүйген - Елбасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Елін сүйген - Елбасы
Мақсаты:Оқушыларға елі сүйген, елін сүйген Елбасының өмір жолы, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі алу, жақсы оқу, адал еңбек ету, Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың портреті, плакаттар т. б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Өздеріңізге белгілі 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н. Ә. Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, үшініші сынып оқушыларының дайындаған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер дегім келеді!
1 жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық, міне, біз,
Елін сүйген, Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз!
2 жүргізуші:
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеміз құтты болсын, көпшілік.
Елбасының құрметіне жиылған!
1 жүргізуші:
Өздеріңізге белгілі 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Бүгінгі бас қосуымыз осы мерекеге арналады.
2 жүргізуші:
Олай болса, айтулы күнге арналған жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Қазақстан Республикасының әнұраны
1 жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
2 жүргізуші:
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қазақстан Республикам менің /тақпақтар/
1 оқушы: К. Аружан
Кең – байтақ көз жетпеген елім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
2 оқушы: Таир
Менің елім – Қазақстан Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың, туғ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: