ан ел,
Арта берсін абыройың, атағың!
3 оқушы: Е. Аружан
Мен қазақпын, қарапайым балаңмын,
Еркін өскен мынау жазық даланың.
Отанымның болашағын ойлайтын,
Қазағымның ертеңіне алаңмын.
4 оқушы: Мирас
Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі, Қазақстан – Гүлстан!
5 оқушы: А. Аружан
Менің елім – Қазақстан жүрегім,
Тек өзіңсің, Отан – Ана тірегім,
Аман болсын, елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірімнен осы менің тілерім!
6 оқушы: Жанарыс
Мен қазақпын, қазағым деп күйемін,
Отанымды, ел-жұртымды сүйемін.
Қазағым деп, алашым деп әрқашан,
Отанымның алдында бас иемін!
1 жүргізуші:
Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
2 жүргізуші:
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде!
Ән: «Көк тудың желбірегені» /Аяла мен Жанарыс/
Сандар сыр шертеді.
1 жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы,
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
2 жүргізуші:
Елбасымыз Нұрағаның бастауы,
Туды ұстап тура жолға түс деген!
1 жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан атаның өмірбаянына назар аударайық!
1 оқушы: Адина
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында, Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
2 оқушы: Нұрсұлтан
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
3 оқушы: Аял
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>