ртының, елінің, көпұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес. Н. Ә. Назарбаев - өз халқының даусыз басшысы. "
Аружан: Джорж Буш - АҚШ-тың бұрынғы президенті: "Құрметті Н. Назарбаев! Сіздің басшы-лығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы Жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде "Қазбаттың" Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдіреді. "
з) Мұғалім: " Елбасы Мұраты"
Хор: "Қазақтай ел қайда. . . "
ІІІ. Қорытынды:
Мұғалім: Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт - санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының ". . . садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр - бәрін аянбай сарп етуге пейілмін" немесе "Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ", - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев -- мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
2-жүргізуші
Билік тізгі
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 > >>