"Жас ұландықтардың" сәлемдесуі
Армысыздар, құрметті ұстаздар ! БүгінгіТәуелсіздігіміздің 21жылдығына арналған "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 26жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Ал қазір кезекті "Тәуелсіздік" баяндамасымен береміз.
1 Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылыағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2 Жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын,Қазақстан - Гүлстан!
1.
Ән: " " орындауында қабыл алыңыздар
1 жүргізуші:
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің.
Көк туымыз желбіреп, биіктен көз тартады,
Жас ұлан ол,ержүрек, болашақтың қорғаны!
Ортаға жас ұландықтарды шақырамыз
Жүргізуші:
"Орнында бар оңалар" демекші, ел орнында,жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса,ел болады,ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында "Қазақстан" егеменді ел болып,дүниежүзіне танылды. 1
Страницы: 1 | 2 > >>