ұмыс
6. Аяғы жоқ ұшады,
Аузы жоқ ән салад
Кездескен жеңіл нәрсені
Аспанға ұшырады.
7. Жылт - жылт еткен,
Жырадан өткен.
oo Балалар мына жұмбақтың быж- быж деген сөзіне назар аударайықшы.
Бұл қандай дыбыс
Еліктеу сөздің анықтамасын балалар өздері шығарады.
Ереже слайд:
oo Мына ережеге қарап, біздің шығарған ережемізді салыстырайық
Сонымен, айналадағы (табиғаттағы) әртүрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған немесе қимыл әрекетті бейнелеп тұратын сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
oo Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Еліктеу сөздер туралы түсінік".
Бүгінге сабағымыздың мақсаты: (Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру; )
oo Бүгінгі сабағымызда еліктеу сөздермен танысып, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін анықтаймыз және өмірде түрлы мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ажыратамыз.
oo Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен жаңа сабақтың тақырыбын жазып қояйық.
Суреттер мен дыбыстарды қою керек.
Иттің суреті мен дауысын естірту. Балалардан сұрау.
Шымшықтың шықылықтағанын естірту.
Дыбыстарды тақтаға жазып, құрамына, мағынасына , тұлғасына қарай талдату. Ойларын дәлелдеу.
oo .
Мысалдардан көрінгендей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған.
Мысалы: сарт етті, гүрс етті, қорс етті, т. б. дыбысқа еліктеуді білдірсе, жылт етті, қалт-құлт, далаң-дүлаң, т. б. әр түрлі қимыл, іс-ә
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>