бағдарламада берілген басқару жүйесі бойынша өтпелі тәртіпте кернеуді үздіксіз реттеу үшін пайдаланылады.
Механикалық энергияны электр энергиясына немесе керісінше түрлендіруді іске асырушы құрылым электр машинасыдеп аталады.
Электр машиналары халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Олардың артықшылықтары: қуатты электр станцияларында олардың қуаттары 95-99, өлшем бірліктері мен салмақтары аз, материалдарды пайдалану үнемді.
Электр машиналары әртүрлі қуатарда, түрлі айналу жылдамдықтарда және кернеулердің де көптеген түрлері үшін жасалады. Олар өздерінің сенімділігімен және ұзақ мерзімде жұмыс істеуімен, басқару мен қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен, сондай-ақ өндірісте оларды көптеп шығарғанда құны аса қымбат емес.
Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіруші электр машинасы "генератор" деп аталады. Ал керісінше түрлендіруді іске асырушы электр машинасы "двигатель" болып айтылады. Кез келген электр машина көмегімен екі бағытта қайтымды электромеханикалық түрлендіру іске асады. Егер машинаны айнымалы бөлігіне механикалық энергия берілсе, онда ол электр энергиясын өндіруші генератор болып жұмыс атқарады.
Іс жүзінде электр машиналары белгілі бір жұмыс түрін орындауга арналған. Асинхронды машиналар мен тұрақты ток машиналары негізінен механикалық энергия көзі ретінде қолданылады. Электр энергиясының көзі ретінде олардың қолданылуы шектеулі келеді.
Генераторлар электрқозғалтқыштар мен трансфарматорлар сияқты электр машиналары техникалық прогреспен тұтастай алғанда өркениеттің дамуына зор үлес қосты, алдағы күнде де қоса бермек. Әлемнің барлық елдерінде электр энергиясын өндіру үшфазалы синхронды генератор деп аталатын электр машинасының көмегімен атқарылуда.
Электр қозғалтқыш деп аталатын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>