6-сабақ. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.
Күшті және әлсіз электролиттер.
Сабақтың мақсаты: электролиттік диссоциацияның шамасы туралы түсінік қалыптастыру; күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығын дәлелдеу. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі және оның белгіленуі туралы мағлұмат беру.
Реактивтер және құрал – жабдықтар: тұз және сірке қышқылының 1 М ерітіндісі, сірке қышқылы(конц. ), дистилденген су, эксперименттік есептерге қажетті реактивтер, бензол, натрий хлоридінің концентрациялы ерітіндісі, заттардың электрөткізгіштігін тексеретін аспап, кейбір күшті және әлсіз электролиттердің диссоциация дәрежесінің сандық мәндері көрсетілген кесте.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға даярлық. Сабақ үй тапсырмасын талдаудан басталады. Содан соң, мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып, оның міндеттерін түсіндіріп, мынадай проблемалық сұрақтарды талдайды.
Электролиттердің молекулалары толық диссоциациялана ма әлде жартылай диссоциациялана ма?
Электролиттердің диссоциациялануы неге байланысты?
Бірдей мөлшерде, бірдей концентрацияда алынған тұз және сірке қышқылының электрөткізгіштігіне жүргізілген көрнекті тәжірибенің негізінде, оқушылар бұл ерітінділердің электрөткізгіштігі әртүрлі болатыны туралы қорытынды жасайды.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Тұз қышқылы сірке қышқылына қарағанда иондарға көбірек диссоциацияланады. «Диссоциациялану дәрежесі» ұғымы және α — . . . . (мұндағы n – иондарға ыдыраған бөлшектер саны, N – еріген молекуланың жалпы саны) формуласының мәнін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы, 20С0-та тұз қышқылының концентрациясы с (НСl) 0. 9 моль/л болған жағдайда диссоциациялану дәрежесі:
α 0,91 немесе 91.
Содан соң оқушыларға деңгейлі тапсырмалар бойынша оқулықпен өзіндік жұмыс орындау
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>