Электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік-қаржылық әрекетінің есебі
Электрмен қамтамасыз ету дистанциясында жүргізілетін шаруашылық операциялар әр түрлі және күрделі. Оларды жан жақты меңгеру және бақылау халықшаруашылығы есебінің жүйесі негізінде жүргізіледі.
Мәліметтердің мазмұнына қарай, оларды алу тәсілдеріне қарай және көрсеткіштердің өңделу әдістеріне байланысты есепті үш түрге бөледі:
1. Оперативті-техникалық
2. Статистикалық
3. Бухгалтерлік
Оперативті - техникалық есеп - бұл кәсіпорынның ағымды шаруашылығын бақылау тәсілі болып табылады. Ол шаруашылық операцияларды, оның орындалуы барысында көрсетеді, бұл әрекет жұмыстың ырғағының бұзылуының алдын алады, жұмыс күшінің және техниканың текке жұмсалмауын қадағалайды. Оперативті-техникалық есепті өндірісте тікелей жұмыс жасаушы жүргізеді. Бұл есептің өзіне тән қасиеті - тез және жәй ғана әдіспен мәліметтерді жинау. Оперативті есептің мәліметтері жөндеу жұмысының графигінің орындалуын, құрылғылардың жұмысын, технологиялық процесстердің режимін бақылауға мүмкіндік береді.
Электрмен қамтамасыз ету дистанциясында оперативті-техникалық есепке қосымша тарту және транформаторлы станциялар көмегімен электр қуатын өңдеу, бригадалардың пайдалану жұмысы, жұмыс жасамай қалған құрылғылардың саны кіреді.
Статистикалық есеп - кез келген кәсіпорынның ішіне, одан қалды жалпы халықшаруашылығы аумағына әсер етуші жаппай шаруашылық құбылыстарды игеру және бақылау тәсілі болып табылады. Статистикалық есеп негізінде қоғамдық құбылыстардың дамуы және оған әсер етуші факторлардың даму заңдылықтары бекітіледі. Статистикалық мәліметтер жинау барысында оперативті және бухгалтерлік есеп беру құжаттары, техникалық құжаттар, арнайы бақылау мәліметтері, жазбалар қолданылады.
Статистикалық есептің
Страницы: 1 | 2 > >>