Электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік-қаржылық әрекетінің есебі

Страницы: <<  <  1 | 2

мәндері еліміздің әлеуметтік және экономикалық даму жоспарының орындалуы жөнінде, оның орындалуына әсер етуші факторлар жөнінде мәліметтер алу үшін қажет.
Жиналған және өңделген статистикалық мәліметтер, арнайы статистикалық аппараттың құрастырған есеп беру құжаттарына енгізіледі.
Бухгалтерлік есеп - кәсіпорында болып жатқан шаруашылық операцияларын ақшалай өлшемде жинақтау және бақылау тәсілі, бұл есеп түрі тегіс және үздіксіз есеп түрі болып саналады. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның ашылған күнінен бастап барлық шаруашылық операцияларды үздіксіз тіркеп, есеп жүргізіп отырады.
Кәсіпорынның құралдары үнемі қозғалыста болады. Ол жүргізілген шаруашылық операциялардың нәтижесінде болады. Мысалы, банктік шоттан кассаға ақша қаражатын алу, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеу, қоймаға материалдарды қабылдау т. с. с. Шаруашылық операциялары, сол операциялардың жүргізілгенін растайтын алғашқы құжаттарда тіркеледі. Одан қорытынды құжаттарға, одан есеп беру құжаттарына тіркеледі. Бухгалтерлік есеп құжаттары заңды құжаттар болып табылады және қойылған талаптарға сай болуы тиіс.
Қағаз жүзінде жүргізілген есеп жылына бір рет нақты санымен түгендеу (инвентаризация) әдісі арқылы тексеріліп отырады. Түгендеу жұмысы кәсіпорынның мүлкінің, құралдарының, қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Сонымен, бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты:
1. Шаруашылық жоспардың орындалуын бақылау
2. Кәсіпорын, мемлекет мүліктерінің сақталуын қадағалау
3. Еңбек және тұтыну өлшеуіштерін қадағалау
4. Шаруашылық есептің жүргізілуін және үнемдеу режимін өткізу




Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: