тілікше.
Шунт кедергісін мынадай формуламен анықтайды: мұндағы - шунт кедергісі, - аспаптың өлшеу шегі неше есе өсетіндікті көрсететін сан. Шунтта төрт түйіспелер болады: оның екеуіне аспап, ал қалған екеуіне - электр тізбегінің жалғаушы сымдары қосылады. Осылай қосқан кезде аспап көрсетімдері түйіспелердің өткелдік кедергілеріне байланысты болмайды.
Мөлшері шкала шегінен асып түсетін кернеуді өлшеу үшін вольтметрге қосымша кедергіні тізбектеп қосады. Егер қосымша резистордың кедергісі вольтметр орамасы кедергісінен 9 есе көп болса, онда екеуіне ортақ кернеудің 0,9-ы қосымша кедергіге, тек 0,1-і вольтметрдің орамасының кедергісіне түседі. Бұл кезде аспаптың өлшеу шегі 10 есе кеңейтіледі. Қосымша резистордың кедергісі мынадай формуламен анықталады: , бұл жерде - аспаптың өлшеу шегінің неше есе кеңейтілуін көрсететін сан.
Шунттар мен қосымша резисторларды аспаптың ішіне орналастырады, не болмаса өлшеу кезінде аспап қысқыштарына қосатындай етіп бөлек жасайды.
Кедергілерді өлшеу
Кедергілерді өлшеу үшін амперметрге және вольтметр тәсілін пайдалануға болады. Сыналатын резисторға қосылған вольтметр көрсетімін, сол резисторға тізбектеп қосылған амперметр көрсетіміне бөлінген бөлінді арқылы оның кедергісін анықтайды RU/I. Кедергілерді тікелей өлшеу үшін омметр мен мегаомметр деп аталатын аспаптар қолданылады. Олар схемаға тізбектеп не параллель қосылады.
Омметр - ішкі кедергісі және қосымша кедергісі магнит-электрлік жүйедегі өлшеу аспабы болып табылады. Жұмыс кернеуі қосылмай тұрған желінің оқшауламасының кедергісін мегаомметрмен өлшейді. Оның бір қысқышын тексерілетін өткізгіш сымына қосады, ал екіншісін жерге қосады. Мегаомметр индукторының тұтқасын айналдырып аспап шкаласынан өлшенетін кедергінің мәнін оқиды. Мұндағы индуктор кішкене м
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>